LG D221 User Guide

Page of 446
28
Қолданбаларды ауыстырып қосу және олардан 
шығу
Android арқылы бірнеше тапсырмалар оңай орындалады, себебі басқа 
бағдарламаны ашқанның өзінде ашық қолданбалар қосылып тұра береді. 
Басқа қолданбаны ашу үшін ашық тұрғанды жабудың қажеті жоқ. Бірнеше ашық 
қолданбаны пайдаланыңыз және арасында ауысыңыз. Android әрбір қолданбаны 
басқарады, күтудегі қолданбалардың қажетсіз ресурстарды пайдаланбауы үшін 
оларды қажет болса тоқтатып, іске қосады.
Қолданбаларды ауыстырып қосу
Меню пернесін 
 басып тұрыңыз. Жиі пайдаланылатын бағдарламалардың 
тізімі көрсетіледі. Одан кейін ашқыңыз келген қолданбаны түртіңіз.
Қолданбаны тізімнен алып тастау үшін қолданба алдын ала қарауды солға не 
оңға қарай сипаңыз. 
Қолданбаны тоқтату/шығу
Өзіндік бет экранында 
Меню пернесін 
 және 
Жүйе баптаулары > 
Қосымшалар опциясын түртіңіз.
Экранның жоғарғы жағындағы қойындылардың біреуін түртіңіз, одан кейін 
қажетті қолданбаны таңдап, қолданбаны тоқтату үшін Ықтиярсыз тоқтату 
(немесе Тоқтату) опциясын түртіңіз.