LG X155 User Guide

Page of 348
32
Негізгі экраныңыз
Бастапқы экранға оралу үшін   түртіңіз.
Ескертулер тақтасы
Ескертулер жаңа хабарлардың келуі, күнтізбе оқиғалары 
және дабылдар, сонымен бірге бейнелерді жүктеп алу сияқты 
ағымдағы оқиғалар туралы ескертеді.
Хабарландыру келгенде, оның белгішесі экранның жоғарғы 
жағында пайда болады. Күтудегі ескертулердің белгішелері сол 
жағында пайда болады және Wi-Fi және батарея заряды сияқты 
нәрселерді көрсететін жүйелік белгішелер оң жағына шығады.
ЕСКЕРТПЕ 
• 
Қолжетімді опциялар аймаққа немесе қызмет провайдеріне 
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
 
Күтудегі 
ескертулер
Жүйе ескертулері
Ескертулер тақтасын ашу
Ескертулер тақтасын ашу үшін күй жолағында төмен жанап 
өтіңіз. Ескертулер тақтасын жабу үшін экранның үстіңгі жағына 
жанап өтіңіз немесе   таңдаңыз.