LG X155 User Guide

Page of 348
ҚАЗАҚША
Қош келдіңіз!
LG өнімін таңдағанызға алғыс білдіреміз. Қауіпсіз және дұрыс 
қолданысын қамтамасыз ету үшін құрылғыны бірінші
пайдалану алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият 
оқыңыз.
• 
Әрдайым түпнұсқа LG қосалқы құралдарын ғана 
пайдаланыңыз. Жинақтағы заттар осы құрылғыға ғана 
арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы 
мүмкін.
• 
Бұл құрылғы сенсорлы экран пернетақтасына байланысты 
көру қабілеті шектеулі адамдарға ыңғайсыз болады.
• 
Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне 
негізделген.
• 
Құрылғыдағы әдепкі қолданбалар жаңартылып отыруы 
мүмкін және бұл қолданбаларға көрсетілетін қолдаудан 
алдын ала ескертілмей бас тартылуы мүмкін. Егер 
құрылғымен бірге берілген қолданба туралы сұрақтарыңыз 
болса, LG қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. 
Пайдаланушы орнатқан қолданбалар бойынша тиісті қызмет 
көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
• 
Бейресми орталықтардан құрылғының операциялық 
жүйесін өзгерту немесе бағдарламалық құралды орнату 
құрылғыға зақым келтіруі және деректердің бүлінуіне немесе 
деректердің өшіп қалуына себеп болуы мүмкін. Мұндай 
әрекеттер LG лицензиялық келісімінің шарттарын бұзады 
және кепілдіктің күшін жояды.