LG X155 User Guide

Page of 348
55
Камера және бейне
Галерея
Галерея қосымшасы сақтау орнындағы суреттер мен бейнелерді, 
оның ішінде Камера қосымшасымен түсірілгендерді және 
интернет немесе басқа орындардан жүктеп алынғандарды 
көрсетеді. 
1  
Сақтау орнында сақталған суреттерді көру үшін   >   >   
тармағын түртіңіз.
2  
Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз. 
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен 
көрсетіледі.)
3  
Альбомдағы суретті түртіп көріңіз.
ЕСКЕРТПЕ
• 
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
• 
Кодтауына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
Суреттерді көру
Галерея қалталардағы суреттерді көрсетеді. Электрондық пошта 
сияқты қосымша суретті сақтағанда, суретті қамтитын жүктеп алу 
қалтасы автоматты түрде жасалады. Осы сияқты, скриншотты 
автоматты түрде түсіру Screenshots (Скриншоттар) қалтасын 
жасайды. 
Суреттер жасалған күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда 
көру үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті көру 
үшін солға немесе оңға жылжыңыз.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
• 
Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз.