LG LGX135 Owner's Manual

Page of 338
59
Телефонға музыка файлдарын қосу
Музыка файлдарын телефонға тасымалдаудан бастаңыз:
• 
Музыканы Media sync (MTP) функциясын пайдаланып тасымалдаңыз.
• 
Сымсыз желіден жүктеп алыңыз.
• 
Телефонды компьютермен синхрондаңыз.
• 
Файлдарды Bluetooth арқылы алыңыз.
Музыканы Media sync (MTP) функциясын пайдаланып 
тасымалдаңыз
1  
Телефонды USB кабелі арқылы компьютерге қосыңыз.
2  
Media sync (MTP) (Мультимедианы синхрондау (MTP)) параметрін таңдаңыз. 
Телефон компьютерде тағы бар диск түрінде көрсетіледі. Көру үшін дискіні 
түртіңіз. Компьютердегі файлдарды дискінің қалтасына көшіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
• 
Құрылғының бағдарламалық құралына байланысты кейбір файл пішімдеріне 
қолдау көрсетілмейді.
• 
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда қате орын 
алуы мүмкін.
• 
музыкалық файлдың авторлық құқықтары халықаралық келісімдермен және 
мемлекеттік авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған болуы мүмкін. 
Сондықтан, музыканы қайта шығару немесе көшіру үшін рұқсат немесе 
лицензия алу қажет болуы мүмкін. Кейбір елдерде мемлекеттік заңдар 
авторлық құқықпен қорғалған материалды жеке пайдалану үшін көшіруге 
тыйым салады. Файлды жүктеу немесе көшіру алдында тиісті елдің мұндай 
материалды пайдалануға қатысты мемлекеттік заңдарын қараңыз.
FM-радио 
Телефонда ішкі FM радиосы бар, осылайша таңдаулы стансаларыңызды реттеп, 
жолда тыңдауға болады. 
ЕСКЕРТПЕ: радионы тыңдау үшін, құлақаспаптарды жалғау қажет. Оларды 
құлақаспап ұясына салыңыз.