LG LGX135 Owner's Manual

Page of 338
56
Суреттерді/бейнелерді жою
Келесі əдістердің біреуін пайдаланыңыз:
• 
Қалта ішінде кескінді басып тұрып, кескін белгіленген кезде жою керек 
фотосуреттерді/бейнелерді таңдап,   > Жою түймесін түртіңіз.
• 
Фотосурет қарау кезінде   > Жою түймесін түртіңіз.
Тұсқағаз ретінде орнату
Фотосурет қарау кезінде суретті тұсқағаз етіп орнату немесе бір контактіге 
тағайындау үшін,   > Суретті басқаша орнату опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
• 
Құрылғының бағдарламалық құралына байланысты кейбір файл пішімдеріне 
қолдау көрсетілмейді.
• 
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда қате орын 
алуы мүмкін.
Бейнелер
Телефонда таңдаулы бейнелердің барлығын ойнатуға мүмкіндік беретін ендірілген 
бейне ойнатқышы бар. Бейне ойнатқышқа кіру үшін,   > Галерея тармағын түртіңіз.
Бейнені ойнату
1  
 
 > Галерея 
тармағын түртіңіз. 
2  
Ойнатылатын бейнені таңдаңыз.
Мультимедиа