LG LGV500 White User Guide

Page of 452
24
Алдыңғы камера 
объективі
Өзіңізді суретке немесе бейнеге түсіру үшін 
пайдаланыңыз. Бұны сондай-ақ бейне чат үшін 
пайдалануға болады. Оңтайлы жұмыс істеуі үшін 
оны таза ұстаңыз.
microSD 
картасының 
ұясы
Музыка, бейнелер және фотосуреттер сияқты 
файлдарды сақтауға арналған microSD картасын 
салыңыз.
Құлақаспап ұясы
Ығайлы, қолсыз сөйлесу үшін қосымша 
құлақаспапты жалғауға мүмкіндік береді. Сондай-
ақ музыка тыңдау үшін құлаққаптарды жалғауға 
болады.
Айналадағы 
жарық сенсоры
Айналадағы жарық сенсоры қоршаған жарықты 
өлшейтін және анық экранды қамтамасыз ету 
үшін СК дисплейінің жарықтығын реттейтін 
сыртқы сенсорды қолданады.
Қуат/құлыптау 
пернесі
Экранды құлыптау/құлпын ашу үшін басыңыз. 
Планшетті қосу/өшіру, оны қайта іске қосу, ұшақ 
режимін қосу/өшіру және дыбыс параметрлерін 
өзгерту үшін басып, ұстап тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін 
реттеу пернелері
Мультимедиа дыбыстарын реттеуге мүмкіндік 
береді.
Зарядтағыш/USB 
порты
Планшетті зарядтау адаптерімен немесе басқа да 
үйлесімді қосалқы құралдармен пайдалану үшін 
USB кабелін жалғауға мүмкіндік береді.