LG LGH736 User Guide

Page of 442
Қош келдіңіз!
LG өнімін таңдағаңызға алғыс білдіреміз. Құрылғының қауіпсіз әрі дұрыс 
қолданылуын қамтамасыз ету үшін алғаш рет қолданар алдында, пайдаланушы 
нұсқалығын мұқият оқып шығыңыз.
• 
Әрдайым түпнұсқа LG қосалқы құралдарын ғана пайдаланыңыз. Жинақтағы заттар 
осы құрылғыға ғана арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.
• 
Бұл құрылғы сенсорлы экран пернетақтасына байланысты көру қабілеті шектеулі 
адамдарға ыңғайсыз болады.
• 
Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне негізделген.
• 
Құрылғыдағы әдепкі қолданбалар жаңартылып отыруы мүмкін және бұл 
қолданбаларға көрсетілетін қолдаудан алдын ала ескертілмей бас тартылуы 
мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба туралы сұрақтарыңыз болса, LG 
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Пайдаланушы орнатқан қолданбалар 
бойынша тиісті қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
• 
Бейресми орталықтардан құрылғының операциялық жүйесін өзгерту немесе 
бағдарламалық құралды орнату құрылғыға зақым келтіруі және деректердің 
бүлінуіне немесе деректердің өшіп қалуына себеп болуы мүмкін. Мұндай әрекеттер 
LG лицензиялық келісімінің шарттарын бұзады және кепілдіктің күшін жояды.
• 
Кейбір контенттер мен суреттер аймаққа, қызмет көрсету провайдеріне, 
бағдарламалық құралдың нұсқасына немесе операциялық жүйенің нұсқасына 
байланысты құрылғыңыздан басқаша болуы мүмкін және олар алдын ала 
ескертілмей өзгертілуі мүмкін.
Нұсқаулы ескертулер
 
АБАЙЛАҢЫЗ
Сізге немесе басқаларға жарақат салуы мүмкін 
жағдайлар
Ескерту!
Құрылғыға немесе басқа жабдыққа зақым келтіруі 
мүмкін жағдайлар
ЕСКЕРТПЕ
Ескертпе немесе қосымша ақпарат
КЕҢЕС!
Функцияны пайдалануға арналған кеңестер
ҚАЗАҚША