LG LGH736 User Guide

Page of 442
18
Маңызды ескерту
Телефон батареясының жұмыс мерзімін ұзарту:
• 
Пайдаланбаған кезде радио байланыстарын өшіріңіз. Егер Wi-Fi, 
Bluetooth немесе GPS функциясын қолданбасаңыз, оларды 
өшіріңіз.
• 
Экранның жарықтығын азайтып, экранның сөнетін мерзімін 
қысқартыңыз.
• 
Gmail, Күнтізбе, Контактілер және басқа қосымшалардың 
автоматты қадамдастырылу мүмкіндігін ажыратыңыз.
• 
Жүктеп алынған кейбір қосымшалар батареяның қуатын тұтынуы 
мүмкін.
• 
Жүктелген қосымшаларды пайдаланғанда, батареяның зарядталу 
деңгейін тексеріңіз.
3.  Бастапқы коды ашық қосымшаны және операциялық 
жүйені орнату алдында
 
АБАЙЛАҢЫЗ
• 
Өндіруші ұсынғаннан басқа операциялық жүйені орнатсаңыз және 
пайдалансаңыз, телефон жұмысында ақаулық пайда болуы мүмкін. 
Бұған қоса, телефон кепілдігі жарамсыз болады.
• 
Телефонды және жеке деректерді қорғау үшін, қосымшаларды тек 
Play Store™ сияқты сенімді ресурстардан жүктеп алыңыз. Телефонда 
дұрыс орнатылмаған қосымшалар бар болса, телефон дұрыс жұмыс 
істемеуі немесе өрескел қате орын алуы мүмкін. Телефоннан сол 
қосымшаларды және оның деректері мен параметрлерінің барлығын 
жою керек.