LG LGH736 User Guide

Page of 442
28
Негізгі экраныңыз
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
• 
Түрту: саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте 
жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
• 
Түрту және ұстап тұру: экрандағы элементті түртіп, әрекет 
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз.
• 
Сүйреу: элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты 
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда 
жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді 
сүйреуге болады.
• 
Жүргізу немесе сырғыту: жүргізу (жанап өту) немесе 
сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда тез 
жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
• 
Екі рет түрту: веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет 
түртіңіз.
• 
Масштабтау үшін шымшу: шолғышты, карталар бағдарламасын 
пайдаланып жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейту 
немесе кішірейту үшін шымшу не ашу қозғалысымен екінші 
саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланыңыз.
• 
Экранды бұру: көп қосымшаларда және мәзірлерде экранның 
бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ
• 
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді 
сезетіндей сезімтал.
• 
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа 
түймелерді түртпеңіз.
Негізгі экраныңыз