LG LGH736 User Guide

Page of 442
46
Желілерге және құрылғыларға қосылу
Bluetooth
Bluetooth — құлақаспаптар, қолсыз көлік жинақтары, Bluetooth қосулы 
құлақаспаптар, компьютерлер, принтерлер және сымсыз құрылғылар 
сияқты Bluetooth құрылғыларына сымсыз түрде қосылуға мүмкіндік 
беретін қысқа ауқымды байланыстар технологиясы. 
ЕСКЕРТПЕ 
• 
Bluetooth байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе 
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың 
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап 
бермейді.
• 
Үнемі деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен 
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. 
• 
Құрылғылар арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы 
қысқартылады.
• 
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары 
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы 
мүмкін. 
Телефонды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру
1  
 >   >   > 
Желілер қойындысы > Bluetooth тармағын 
түртіңіз.
2  
Bluetooth функциясын қосу және қол жетімді Bluetooth 
құрылғыларын іздеуді бастау үшін 
 опциясын түртіңіз. 
• 
Бұған қоса, ауқымдағы көрінетін құрылғыларды анықтау керек 
болса, 
ІЗДЕУ пәрменін түртіңіз.
3  
Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз. Жұптастыру сәтті 
болған кезде телефон басқа құрылғыға қосылады.