LG LGH736 User Guide

Page of 442
80
Баптаулар
• 
Құнды сақтау әдісі : телефон кітабына қосқан кезде әрбір 
контакт тағайындалған SIM картасымен бірге қосылады. Қоңырау 
шалу кезінде, сәйкес оператордың SIM картасы анықталып, 
әрекет сәйкес оператордың SIM картасымен аяқталады. Бұл 
бірдей операторды қолдану артықшылығын пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
• 
Ұялы деректер : деректерді ұялы байланыс желісі арқылы қосу 
үшін белгілеңіз. 
• 
Пайдаланатын SIM карта : әдепкі деректер желісін таңдауға 
болады. Барлық ұялы байланыс бумасының қызметтері 
(Интернет, MMS, электрондық пошта, т.б.) осы мәнде таңдалған 
SIM картаны пайдаланады. Тек бір SIM карта салынғанда, әдепкі 
деректер желісі салынған SIM карта ретінде орнатылады және 
оларды өзгертуге рұқсат етілмейді. 
• 
Деректер роумингі : жергілікті желі аймағынан тыс роумингте 
болғанда ұялы деректер байланысын қолдануға мүмкіндік беру 
үшін құсбелгі қойыңыз.
Wi-Fi
Қолжетімді Wi-Fi желілерін қосу үшін Wi-Fi функциясын қосыңыз.
Bluetooth
Bluetooth функциясын пайдалану үшін Bluetooth сымсыз байланыс 
мүмкіндігін қосыңыз не өшіріңіз.
Ұялы деректер
Деректер қолданысын көрсетеді және мобильді деректер шегін 
орнатады.
Қоңырау баптаулары
Бұл мәзір әртүрлі қоңырау параметрлерін конфигурациялауға 
мүмкіндік береді.