LG LGH961S User Guide

Page of 480
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
LG өнімін таңдағанызға алғыс білдіреміз. Құрылғының қауіпсіз әрі дұрыс қолданылуын 
қамтамасыз ету үшін алғаш рет қолданар алдында, пайдаланушы нұсқалығын мұқият 
оқып шығыңыз.
Әрдайым тек түпнұсқа LG қосалқы құралдарын пайдаланыңыз. Жинақтағы заттар 
осы құрылғыға ғана арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы 
мүмкін.
Бұл құрылғы сенсорлы экран пернетақтасына байланысты көру қабілеті шектеулі 
адамдарға ыңғайсыз болады.
Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне негізделген.
Құрылғыдағы әдепкі қолданбалар жаңартылып отыруы мүмкін және бұл 
қолданбаларға көрсетілетін қолдаудан алдын ала ескертілмей бас тартылуы 
мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба туралы сұрақтарыңыз болса, LG 
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Пайдаланушы орнатқан қолданбалар 
бойынша тиісті қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
Бейресми орталықтардан құрылғының операциялық жүйесін өзгерту немесе 
бағдарламалық құралды орнату құрылғыға зақым келтіруі және деректердің 
бүлінуіне немесе деректердің өшіп қалуына себеп болуы мүмкін. Мұндай әрекеттер 
LG лицензиялық келісімінің шарттарын бұзады және кепілдіктің күшін жояды.
Кейбір мазмұндар мен суреттер аймаққа, қызмет көрсету провайдеріне, 
бағдарламалық құралдың нұсқасына немесе операциялық жүйенің нұсқасына 
байланысты құрылғыңыздан басқаша болуы мүмкін және олар алдын ала 
ескертілмей өзгертілуі мүмкін.
Құрылғымен бірге қамтамасыз етілген бағдарлама, дыбыс, тұсқағаз, суреттер және 
басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін лицензияланған. Осы материалдарды 
шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға пайдалансаңыз, авторлық 
құқықтар туралы заңдарды бұзып жатқан болуыңыз мүмкін. Пайдаланушы ретінде 
мультимедианы заңсыз пайдалану үшін толығымен жауапты боласыз.
Хабар алмасу, жүктеу және жүктеп алу, автоматты түрде синхрондау немесе орын 
қызметтерін пайдалану сияқты деректер қызметтеріне қосымша ақылар алынуы 
мүмкін. Қосымша шығынданбау үшін қажеттіліктерге қолайлы деректер жоспарын 
таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Нұсқаулы ескертулер
 ЕСКЕРТУ
Сізді және басқа пайдаланушыларды жарақаттауы 
немесе телефонды не басқа құрылғыларды 
зақымдауы мүмкін жағдайлар.
 ЕСКЕРТПЕ Ескертулер немесе қосымша ақпарат.
ҚАЗАҚША