LG LGH961S User Guide

Page of 480
Негізгілер
33
4  
Қақпақты құрылғыға қайта салу үшін артқы қақпақты батарея 
бөлімімен туралап, орнына түскенше төмен басыңыз.
Батареяны зарядтау
Бірінші рет пайдаланбай тұрып батареяны зарядтаңыз. 
Батареяны зарядтау үшін зарядтағышты пайдаланыңыз. 
Сонымен қатар, телефонды USB кабелімен қосу арқылы 
батареяны зарядтауға компьютерді пайдалануға болады.
 
ЕСКЕРТУ
LG мақұлдаған зарядтағыштарды, батареяларды және кабельдерді 
ғана пайдаланыңыз. Егер мақұлданбаған зарядтағыштарды, 
батареяларды немесе кабельдерді пайдалансаңыз, батареяның 
кідіріспен зарядталуына себеп болуы мүмкін. Болмаса, бұл 
батареяның жарылуына немесе кепілдікке кірмейтін құрылғының 
зақымдауына себеп болуы мүмкін.
Зарядтағыш қосқышы телефон төменгі жағында орналасқан. 
Зарядтағышты салыңыз да, қуат розеткасына қосыңыз.