LG LGH961S User Guide

Page of 480
Қосымшалар
61
Хабарлар
Телефон мәтіндік және мультимедиалық хабар алмасуды 
түсінікті, оңай пайдаланылатын бір мәзірге біріктіреді.
 ЕСКЕРТПЕ 
Әр жіберілген хабарға ақы алынуы мүмкін. Қызмет провайдеріне 
хабарласыңыз.
Хабар жіберу
1  
 >   >   опциясын түртіңіз.
2  
 опциясын түртіп, Контактілер тізімінен бір немесе 
бірнеше жазбаны таңдаңыз.
НЕМЕСЕ
Контакт атын немесе контакт нөмірін 
Кімге: өрісіне енгізіңіз. 
Контакт атын енгізсеңіз, сәйкес контактілер пайда болады. 
Ұсынылған алушыны түртуге және бірнеше контакт қосуға 
болады.
3  
Хабар енгізуді бастау үшін мәтін жолын түртіңіз.
4  
Опциялар мәзірін ашу үшін   опциясын түртіңіз. Қолжетімді 
опциялардың бірін таңдаңыз.
5  
Хабар арқылы бөлісетін файлды тіркеу үшін   белгішесін 
түртіңіз.
6  
Хабарды жіберу үшін 
Жіберу пәрменін түртіңіз.
Сөйлесулер көрінісі
Екінші тараппен алмастырылатын хабарлар хронологиялық 
тәртіппен пайда болады, сонда сөйлесуді қолайлы шолып 
қарауға болады.