LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
87
• 
SIM карта 2 : SIM 2 картасына арналған SIM картасының 
атауын және SIM картасының белгішесін өзгертуге 
мүмкіндік береді.
• 
2-ші ұяшықты белсендіру : 2-ші SIM картасының слотын 
іске қосу не өшіру үшін белгілеңіз
.
• 
SIM карта түсінің тақырыбы : қалаған түстерді таңдауға 
мүмкіндік береді.
• 
Құнды сақтау әдісі : Әр контакт контактілер ішіндегі 
арнайы SIM үшін тағайындалады. Қоңырау қолжетімді 
SIM картасына тағайындалған контактіге шалынса, басқа 
SIM картасы белсенді болса да, қоңырау үшін осы SIM 
қолданылады.
• 
Ұялы деректер : деректерді ұялы байланыс желісі арқылы 
қосу үшін белгілеңіз. 
• 
Пайдаланатын SIM карта : әдепкі деректер желісін 
таңдауға болады. Барлық ұялы байланыс бумасының 
қызметтері (Интернет, MMS, электрондық пошта, т.б.) осы 
мәнде таңдалған SIM картаны пайдаланады. Тек бір SIM 
карта салынғанда, әдепкі деректер желісі салынған SIM 
карта ретінде орнатылады және оларды өзгертуге рұқсат 
етілмейді. 
• 
Деректер роумингі : жергілікті желі аймағынан тыс 
роумингте болғанда ұялы деректер байланысын қолдануға 
мүмкіндік беру үшін құсбелгі қойыңыз.
Wi-Fi
Сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты 
интернетті пайдалануға болады.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Wi-Fi тармағын 
түртіңіз.
1  
Wi-Fi функциясын қосу үшін 
 опциясын түртіңіз, одан 
кейін қол жетімді Wi-Fi желілерін іздей бастаңыз.