LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
94
SmartShare Beam
SmartShare Beam мүмкіндігі LG телефондары мен планшеттері 
арасында файлдарды жіберуге және алуға мүмкіндік береді.
SmartShare Beam арқылы деректерді алу
1  
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Тарату және 
Қосылу > SmartShare Beam тармағын түртіңіз.
2  
SmartShare Beam қосу үшін 
 белгішесін түртіңіз. 
Телефонда Wi-Fi функциясы автоматты түрде қосылады 
және файлдарды алуға дайын болады.
SmartShare Beam арқылы деректерді жіберу
1  
Медиа файл сияқты файл немесе элемент таңдаңыз.
2  
Деректерді SmartShare Beam арқылы жіберу үшін 
параметрді таңдаңыз.
3  
Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз.
Медиа сервері
Телефондағы мультимедиа мазмұнын жақын маңдағы DLNA 
үйлесімді құрылғылармен бөлісуге мүмкіндік береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Тарату және 
Қосылу > Медиа сервері тармағын түртіңіз
• 
Маңайдағы құрылғылардың мазмұнға кірісіне мүмкіндік 
беру үшін 
Мазмұнды ортақтасу опциясын қосыңыз.
Miracast
Телефонның экранын сымсыз көрсетуге және Miracast 
қорғағыш құралына немесе теледидарға дыбыс шығаруға 
мүмкіндік береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Тарату және 
Қосылу > Miracast тармағын түртіңіз
• 
Miracast функциясын қосу және қол жетімді Miracast 
құрылғыларын іздеуді бастау үшін 
 опциясын түртіңіз.