LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
97
Ұшақ режимі
Қоңыраулар шалуға немесе қабылдауға не болмаса 
деректерді пайдалануға тыйым салынған аумақта болғанда 
ойындар және музыка сияқты телефон функцияларының 
көпшілігін пайдалануға мүмкіндік береді. Ұшақ режиміне 
орнатқанда қоңырауларды жіберу немесе қабылдау, не 
болмаса онлайн деректерге қол жеткізу мүмкін болмайды.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша > 
Ұшақ режимі тармағын түртіңіз.
VPN
Телефоннан корпоративтік желі сияқты қауіпсіз жергілікті желі 
ішіндегі ресурстарға қосылуға және оларды ашуға мүмкіндік 
беретін виртуалды жеке желілерді (VPN) қосуға, орнатуға және 
басқаруға болады. 
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша > 
VPN тармағын түртіңіз.
Мобильді желілер
Бұл мәзір 
Желі режимі, Кіру нүктесінің аттары, т.с.с әртүрлі 
мобильді желі параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік 
береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша > 
Мобильді желілер тармағын түртіңіз.