LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
106
 -
Экран жарығының өшу уақыты: экран өшерден бұрын 
уақыт мөлшерін орнатады.
 -
Басқару аймақтарын түрту: сенсорлық әрекеттерді 
экранның бір аумағында шектеу үшін сол экранның 
аумағын таңдауға мүмкіндік береді.
• 
Мәтінің арнайы мүмкіндіктері: Негізгі түймесін үш рет 
басқан кезде таңдалған мүмкіндіктерге жылдам өтуге 
мүмкіндік береді.
• 
Экранды автоматты бұру: құрылғының бағдарына 
байланысты (портрет немесе альбомдық) құрылғының 
экранды бұруға мүмкіндік беру үшін қосыңыз.
• 
Switch Access: пернетақта пернелері сияқты жұмыс 
істейтін бір немесе бірнеше қосқыш арқылы құрылғымен 
байланысуға мүмкіндік береді. Бұл мәзір құрылғымен 
тікелей байланыстан қорғайтын мобильділік шектеулері 
бар пайдаланушыларға пайдалы болуы мүмкін.
Шағын терезеден қарау
Бір қолмен пайдалану мақсатында экранды кішірейту үшін 
Негізгі сенсорлы түймелер бойымен солға немесе оңға 
сырғыту арқылы осы мәзірді қосыңыз. Егер қосымша ақпарат 
қажет болса, 
Сіз ұнататын мүмкіндіктер тарауындағы Шағын 
терезеден қарау бөлімін қараңыз.
Баптаулар экранында Баптаулар қойындысы > Шағын 
терезеден қарау тармағын түртіңіз.
Жылдам перне
Экран өшіп немесе құлыптанып тұрғанда 
Дыбыс деңгейі 
пернелерін басып тұрып, қолданбаларға жылдам өтіңіз.
Баптаулар экранында Баптаулар қойындысы > Жылдам 
перне тармағын түртіңіз.
• 
Tүcipу+ қолданбасын ашу үшін 
Жоғары дыбыс деңгейі 
пернесін екі рет басыңыз.