LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
110
• 
SD картасын салыңыз/шығару: SD картасын орнатуға 
және шығаруға мүмкіндік береді.
• 
SD картасын өшіру: SD картасындағы барлық деректерді 
өшіруге мүмкіндік береді.
Батарея және энергия сақтау
Ағымдағы батарея күйін, сондай-ақ қалған заряд пен зарядтау 
күйін көрсетеді.
Баптаулар экранында Баптаулар қойындысы > Батарея 
және энергия сақтау тармағын түртіңіз.
• 
Батареяны қолдану: батареяны қолдану деңгейін және 
батареяны қолдану мәліметтерін көрсетеді. Егжей-тегжейлі 
ақпаратты көру үшін элементтердің біреуін түртіңіз.
• 
Күй жолағындағы батарея қуатының пайызы: батарея 
белгішесінің жанындағы күй жолағынан батарея зарядының 
пайыздық көрсеткішін көрсету үшін белгілеңіз.
• 
Батарея сақтаушы: қосу немесе өшіру үшін Батарея 
сақтаушы қосқышын түртіңіз. Батарея сақтаушыны 
автоматты түрде қосатын батарея зарядының пайыздық 
деңгейін орнатады.
• 
Ойын оңтайландырғыш: батареяны сақтау үшін 
ойындарда бейне сапасын реттейді.
Smart cleaning
Телефондағы пайдаланыстағы орынды және бос орынды 
көрсетіп, файлдарды таңдау арқылы тазалауға мүмкіндік 
береді.
Баптаулар экранында Баптаулар қойындысы > Smart 
cleaning тармағын түртіңіз.
1  
Қалтаның орнын түртіңіз, содан соң тиісті белгілерді 
қойыңыз.
2  
ТАЗАЛАУ > ИӘ тармағын түртіңіз.