LG LGH961S User Guide

Page of 480
Қосымша
115
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын 
сымсыз (OTA) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA 
арқылы, USB деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға 
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ 
микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол 
жетімді болады.
Алдымен ұялы телефондағы бағдарламалық құрал нұсқасын 
тексеру керек: 
Баптаулар > Баптаулар қойындысы > 
Телефон ақпараты > Ортақ қойындысы > Жаңарту 
орталығы > БҚ жаңартпасы > Жаңартуды қазір тексеру.
 ЕСКЕРТПЕ 
Жеке деректеріңіз—соның ішінде Google есептік жазбаңыз 
бен барлық басқа есептік жазбаларыңыз туралы ақпарат, 
жүйе/қолданба деректері мен параметрлері, барлық жүктеп 
алынған қолданбалар және DRM лицензияңыз —телефонның 
бағдарламалық құралын жаңарту процесі кезінде жоғалуы мүмкін. 
Сондықтан, LG компаниясы телефонның микробағдарламасын 
жаңартпастан бұрын жеке деректердің сақтық көшірмесін жасауды 
ұсынады. LG компаниясы жеке деректердің жоғалуына жауапты 
болмайды.
Бұл мүмкіндік желі қызметінің провайдеріне, аймаққа немесе 
мемлекетке байланысты.
ЖҚС
Бұл тарауда телефонды пайдаланғанда кездесуіңіз мүмкін 
кейбір ақаулар тізілген. Кейбір ақаулар қызмет көрсетушіге 
хабарласуды талап етеді, алайда көбінесе оларды өз бетіңізше 
түзетуге болады.