LG LGH961S User Guide

Page of 480
Қосымша
120
Ұрлыққа қарсы нұсқаулығы
Егер ол сіздің рұқсатынсыз зауыттық параметрлерге қайта 
орнатылса, құрылғыны басқа пайдаланушылар пайдалануын 
болдырмайтындай етіп оны реттеуге болады. Мысалы, егер 
құрылғыңыз жоғалса, ұрланса немесе жойылса, құрылғыны 
Google тіркелгісі немесе экран құлпы ақпараты бар қандай да 
бір пайдаланушы ғана пайдалана алады.
Құрылғының қорғалғанын тексеруге қажетті талаптар:
• 
Экран құлпын орнату: егер құрылғы жоғалса не 
ұрланса, бірақ сізде экран құлпының жинағы болса және 
экран құлпы ашылмаса, «Параметрлер» мәзірі арқылы 
құрылғыны өшіру мүмкін емес. 
• 
Google тіркелгісін құрылғыға қосу: егер құрылғы 
жойылса, бірақ онда Google тіркелгісі болса, Google 
тіркелгісі туралы ақпарат қайта енгізілмегенше құрылғыны 
орнату процесін аяқтау мүмкін емес. 
Егер зауыттық параметрге қайта орнату қажет болса, құрылғы 
қорғалғаннан кейін экранның құлпын ашу немесе Google 
тіркелгісінің құпия сөзін енгізу қажет болады. Бұл қайта ысыру 
әрекетін сізге немесе сенімді пайдаланушыға орындауға 
мүмкіндік береді.
 ЕСКЕРТПЕ 
Зауыттық параметрлерді қайта орнату әрекетін орындаудың 
алдында құрылғыға қосқан Google тіркелгісін және құпия сөзді 
ұмытып қалмаңыз. Егер орнату процесі барысында тіркелгі туралы 
ақпаратты бере алмасаңыз, зауыттық параметрлерді қайта 
орнатқаннан кейін құрылғыны мүлде пайдалана алмайсыз.