LG H522y User Guide

Page of 422
26
Телефонмен танысу
Экранды құлыптау әдісін өзгерту
Басқалардың жеке ақпаратты ашпауы үшін экранды құлыптау 
жолын өзгертуге болады.
1  
 >   >   > 
Дисплей қойындысы > Экранды құлыптау > 
Экран құлпын таңдау тармағын таңдаңыз. 
2  
Жоқ, Жүргізу, Knock Code, Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз 
сөз опциялары ішінен қажетті экран құлпын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Құлыпты ашу өрнегін орнатар алдында Google тіркелгісін 
жасап, құлыптау өрнегін жасау кезінде жасалған Сақтық PIN кодын 
есте сақтап алыңыз.
Ескерту! Егер телефонда Google тіркелгісін жасамаған болсаңыз не 
болмаса PIN кодын, құпия сөзді және сақтық көшіру PIN кодын ұмытып 
қалсаңыз, зауыттық параметрлерді қалпына келтіруіңіз қажет. Толық 
қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық пайдаланушы қосымшалары 
және пайдаланушы деректері жойылады. Жабдықты қалпына келтіру 
әрекетін орындамас бұрын, маңызды деректердің сақтық көшірмесін 
жасауды ұмытпаңыз.
КЕҢЕС! Smart Lock 
Телефонды оңай босату үшін 
Smart Lock опциясын пайдалануға 
болады. Сенімді Bluetooth құрылғысы қосылған кезде, үй немесе жұмыс 
сияқты таныс орында болған кезде немесе бетті анықтаған кезде 
телефонды құлыпталмаған күйде сақтау үшін орнатуға болады.
Smart Lock орнату
1  
 >   > 
 опциясын түртіңіз.
2  
Дисплей қойындысы > Экранды құлыптау > Smart Lock тармағын 
таңдаңыз.
3  
Сенімді құрылғыларды, сенімді орындарды немесе сенімді бетті қосу 
алдында экран құлпын орнату керек (өрнек, PIN немесе құпия сөз).