LG V700 Black User Guide

Page of 466
27
Батареяның жарамдылық мерзімін 
оңтайландыру
Фонда ұдайы қосылып тұруы қажет емес мүмкіндіктерді өшіріп, зарядтау 
уақыты арасында батареяның жұмыс мерзімін ұзартуға болады. Сондай-
ақ, қолданбалар мен жүйелік ресурстардың батарея қуатын пайдалану 
тәсілін реттеуге болады. 
Батареяның жұмыс мерзімін арттыру
• Wi-Fi, Bluetooth немесе GPS сияқты пайдаланып жатпаған радио 
байланыстарды өшіріңіз. 
• Экран жарықтығын төмендетіп, экранның сөну мерзімін азайтыңыз.
• Gmail™, Күнтізбе, Контактілер және басқа қолданбалардың автоматты 
синхрондалу мүмкіндігін ажыратыңыз.
• Кейбір жүктеп алынған қолданбалар батареяның қызмет мерзімінің 
қысқаруына себеп болуы мүмкін.
• Жүктелген қолданбаларды пайдаланғанда батареяның зарядталу 
деңгейін тексеріңіз.
Батарея зарядының деңгейін көру
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Планшет 
туралы > Батарея тармағын түртіңіз.
Экранның жоғарғы мәзірінде батарея күйі (зарядталуда немесе заряд 
жұмсалуда) және деңгейі көрсетіледі.