Zanussi ZDS91200SA User Manual
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
•
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
•
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
•
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
•
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
•
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН! Өрт
шығу және электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар.
Егер қуат ашасының сақтандырғышын
ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA
(BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.
СУҒА ҚОСУ
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған.
3