Zanussi OPZB2300C User Manual

Page of 68
АБАЙЛАҢЫЗ
Шамға майдың қалдығы жұғып
күймес үшін, галоген шамды
үнемі шүберекпен ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қоқышты ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Бүйірлік шам
1. Шамға қол жеткізу үшін сол жақ сөренің
тірегін алыңыз.
2. Шыны қақпақты алу үшін жіңішке, ұшы
доға затты (мысалы, шай қасық)
қолданыңыз. 
3. Шыны қақпақты тазалаңыз.
4. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
5. Шыны қақпақты орнатыңыз.
6. Сөренің сол жақ сырғытпасын салыңыз.
Ақаулықты түзету
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық
Ықтимал себебі
Шешімі
Тұмшапеш қызбайды.
Тұмшапеш сөндірулі.
Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды.
Минут операторы + Пісірудің
соңын бағдарламалағыш
орнатылған жоқ.
Минут операторы + Пісірудің
соңын бағдарламалағышты
орнатыңыз. "Сағат
функциялары" тарауын
қараңыз.
Тұмшапеш қызбайды.
Сақтандырғыш жанып кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың
себеп болғанына көз
жеткізіңіз. Сақтандырғыш
қайта-қайта жанып кетсе,
білікті электршіге
хабарласыңыз.
Шам жанбайды.
Шамда ақаулық бар.
Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне және тұмшапештің
корпусына жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ
уақытқа қойылған.
Тағамды пісіргеннен кейін
тұмшапеш ішінде 15 - 20
минуттан артық қалдырмаңыз.
Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
20
www.zanussi.com