Zanussi ZDP7202PZ User Manual

Page of 48
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин, керосин,
дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және балауыз
кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш машинада
кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат пайдаланып, ыстық
сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін қалпақтар,
су өткізбейтін текстиль, резеңкемен астарланған заттар
мен киімдерді немесе резеңке толтырылған жастықтарды
кір кептіргіш машинада кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды мата
жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген тәрізді
пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек тарап
кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан кептіру циклы
аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде, киімдердің
температурасы киімдерге зақым келтірмейтін деңгейде
болуы үшін қызу бөлінбейді (салқындату циклы).
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны температурасы 5°C градустан
төмен 35°C градустан жоғары жерге
орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны үнемі тік қалыпта жылжытыңыз.
• Құрылғының артқы жағын қабырғаға
қаратып қою керек.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан
кейін, ватерпас көмегімен деңгейінің әбден
дұрыс қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН! Өрт
шығу және электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
4