Zanussi ZWSO6100V User Manual

Page of 56
СУҒА ҚОСУ
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі
мүмкін.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
• Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Есіктің тұтқасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
4