Zanussi ZWSE680V User Manual

Page of 60
Кешіктіріп бастау параметрін
Старт/Пауза түймешігін баспай
тұрып өзгертуге немесе
болдырмауға болады. Старт/Пауза
түймешігін басқаннан кейін,
кешіктіруді болдырмайтын ғана
мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
b. Отложенный старт түймешігін бір рет
ғана басыңыз, орнатылған кешіктіру
индикаторы сөнеді.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ
ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ
БОЛДЫРМАУ
1. 
Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін ВКЛ/ВЫКЛ қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ
болса қайтадан толтырыңыз.
ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі бекітулі
тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның
ішіндегі температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса және
барабан әлі айналып тұрса, есік
ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе
кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2. Есік ашылғанша бірнеше минут күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама (немесе кешіктіру
функциясы) жалғасады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
сөнеді. Цикл 
 индикаторы тұрақты
жанып тұрады.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
 қалпына бұраңыз.
• Бірнеше минуттан кейін есікті ашуға
болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін есікті және
жуғыш зат үлестіргішті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
 индикаторы жанып тұрады.
• Суды төгу керек екенін ескерту үшін Старт/
Пауза индикаторы жыпылықтайды.
• Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу (Слив) немесе айналдыру
(Отжим) бағдарламасын орнатыңыз.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Бағдарлама аяқталған кезде:
• Старт/Пауза индикаторы сөнеді және
 цикл индикаторы жанады.
• Бірнеше минуттан кейін есіктің
бекітпесі ашылады; енді есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін   қалпына бұраңыз.
12