Electrolux EKG 951109 W User Manual

Page of 68
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Инжекторларды ауыстыру
алдында, газ тетіктерінің
"Off" қалпында тұрғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны
электр желісінен
ажыратыңыз.Құрылғыны
салқындатыңыз. Жарақат
алу қаупі бар.
14.12 Пеш үстінің
инжекторларын ауыстыру
Газ түрін ауыстырғанда
инжекторларды да ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. Инжекторларды 7-ші кілтпен
ағытып алыңыз.
4. Инжекторлардың орнына
қолданылатын газ түріне сай
инжекторларды салыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз. 
Бұл тақтайшаны
құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан
таба аласыз.
Егер беріліп тұрған газдың қысымы
тұрақты болмаса немесе қажетті
қысымнан басқаша болса, газбен
жабдықтау құбырына тиісті қысым
реттегішті орнатыңыз.
14.13 Пештің оттығын ең кіші
деңгейге қою
1. Құрылғыны электр қуатынан
ажыратыңыз.
2. Пештің тетігін алыңыз. Егер
орағытпа бұранданы реттеу
мүмкіндігі жоқ болса, реттеу
әрекетін бастамай тұрып басқару
панелін ағытыңыз.
3. Жіңішке және жалпақ жүзді
бұранда бұрағышпен (A) орағытпа
бұранданы реттеңіз. 
Орағытпа бұранданың орындары
(A) үлгіге байланысты.
A
Табиғи газдан сұйылтылған
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
Сұйылтылған газды табиғи
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шамамен бір
қадамға (A) ағытыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
3. Құрылғыны электр тоғына
қосыңыз. 
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ашаны розеткаға
барлық бөлшектерді өз
орындарына қойып
болғаннан кейін ғана
сұғыңыз. Жарақат алу
қаупі бар.
4. Оттықты жағыңыз. 
"Пештің үсті - Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
5. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
6. Тетікті қайта алыңыз.
ҚАЗАҚ
29