AEG 47005 V9-MN User Manual

Page of 72
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Күтім көрсетер алдында құрылғыны
сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ
7