Polaris PIR 2258 AK Сиреневый User Manual

Page of 31
23 
 
 
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  шұңғылша  немесе  сумен  толтырылған  басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
 
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға  мүлдем болмайды.  Ылғал қолмен құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  тоқ  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Құралды    тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосады.  Сіздің  қауіпсіздігіңізді 
қамтамасыз  ету  үшін    жерге  тұйықтау    бекітілген  электротехникалық    нормаларға  сәйкес 
келуі  тиіс.  Қоректендірудің  стандартты  емес  көздерін  немесе  қосу  құрылғыларын  
пайдалануға болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғандығына көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды    сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден  ажыратуға  тиым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсель    ашасынан 
ұстаңыз. 
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті  мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра 
алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге 
ұшыратуы  мүмкін. 
 
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының  білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Үтікті  үшайыр  арқылы  қосқан  кезде,  оны  басқа  электр  құралдарымен  бірге  үшайыр 
арқылы қосуға тиым салынады.  
 
Үтіктің  ыстық  табанын    алақаныңызбен  ұстамаңыз.    Тұтқаны  және  батырмаларды 
қолданыңыз. 
 
Үтікке  су  құймас  бұрын  оны  желіден  ажыратыңыз  және  бу  шығаруды  реттегішті  «0» 
қалпына орнатыңыз. . 
 
Электр  тоғының  зақымына  ұшырап  қалмас  үшін    сымды,  штепсель  ашасынан,    құралды 
суға немесе басқа  ерітіндерге салмаңыз. 
 
Желіге  қосылған  үтікті  қараусыз  қалдырмаңыз.  Үтіктеп  жатқан  бөлмеден  тым  қысқа 
уақытқа  шығатын болсаңыз да, шығар кезде үтікті желіден ажыратыңыз. 
 
Ешқашан  да  үтікті    үтіктейтін  тақтайдың  үстінде    қалдырмаңыз.  Үтіктеу  арасында  тым 
қысқа  уақытқа  үзіліс  жасайтын  болсаңыз  да  әрдайым  оны    таяныш-тірекке    тігінен 
қойыңыз.