Polaris PMG 1805 User Manual

Page of 25
 
11 
 
Аталмыш  құрал  құралды  қолдануға  қатысты  қауіпсіздіктері  үшін  жауап  беретін  тұлғаның 
нұсқаулығы  жүргізілген  немесе  қадағалау  жүзеге  асырылған  кездерді  есепке  алмағанда, 
білімі  мен  тәжірибесі  жоқ  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық 
ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.  Балалардың 
құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.    
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  шұңғылша  немесе  сумен  толтырылған  басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
 
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға  мүлдем болмайды.  Ылғал қолмен құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  «ӨШІРУ» белгісінде  тұрғанына көз жеткізіңіз.   
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды    желілік  сымнан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан  ұстап  
желіден  ажыратуға  тиым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсельді    ашадан 
ұстаңыз.   
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып болғаннан кейін,  электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра жинауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап жазыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті   мамандар -  сервис орталығының қызметкері  ғана ауыстыра  алады. 
Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған  жөндеу қолданушыны  қауiп-қатерге ұшыратуы  
мүмкін. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  сервис  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Ескертпе: 
Пайдалану 
мерзімі 
аяқталғаннан 
кейін 
 электр 
құралын 
әдеттегі 
тұрмыстық   қалдықтармен  бірге    лақтырмай,  жоятын  ресми  пунктке  өткізіңіз.  Сөйтіп,  Сіз 
қоршаған ортаны сақтауға  көмектесесіз. 
 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Еттартқышты  тек  қана  жұмсақ,  мұздан  ерітілген  өнімдерді  тарту  үшін  ғана  
пайдаланыңыз:  сүйегінен  ажыратылған  ет,  сүйегінен  ажыратылған  жеміс-жидектер. 
Ешқашан да сүйек немесе  жаңғақ және қабығы аршылмаған шемішке тәрізді  басқа да 
қатты өнімдерді  пайдаланбаңыз.  
 
Тамырларды  уатудан  бұрын    шағын  бөліктерге  кесіп  алып,  суда  10  сағаттай  ұстап, 
жібітеді.  
 
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз.  
 
Құрал  электр  желісіне    қосылып  тұрса,  оны    ашуға    тиым  салынады.  Қашанда  құралды 
тазартудан бұрын  желіден ажыратыңыз немесе жұмыс істемей тұрғанда тазартыңыз.   
 
Электр тогына күйіп қалмас үшін және өрт қаупін тудырмас үшін, құралды суға немесе басқа 
да  сұйықтарға  салмаңыз.  Егер  бұндай  жағдай  орын  алса,  электр  желісінен  бірден  ажыратып, 
тексеру үшін Сервис орталығына көрсетіңіз.