Philips HR-1565/20 User Manual

Page of 128
Құралды пайдалану
Кеңес Айналмалы ыдыс қосылатын заттар мөлшері көп болғанда 
ыңғайлы. Тағам мөлшері аз болса, кішкентай ыдыс пайдаланып, 
миксерді қолмен ұстап тұру ұсынылады.
Қондырғыға қойып араластыру
1
Миксерді қондырғысына орнатыңыз (Cурет 2).
Алдымен миксердің алдын миксер ұстағыштың алдындағы бекітілетін 
ілмекке іліңіз, содан соң миксердің астыңғы бөлігін төмен қарай 
басыңыз (сырт ете түседі).
2
Ұстағышты шешетін түймені басып, ұстағышты миксермен бірге
артқа қарай еңкейтіңіз (Cурет 3).
3
Шайқағыштарды немесе илейтін ілмектерді миксерге орнатыңыз.
Миксердің астыңғы жағындағы кеңірек тесікке міндетті түрде
пластмассадан жасалған ұшы бар шайқағыш немесе илейтін
ілмек орнатылу керек (Cурет 4).
Қажет болса, орнатқанда, шайқағыштарды немесе илейтін ілмектерді 
сәл бұраңыз.
Шайқағыштың немесе илейтін ілмектің пластмассадан жасалған ұшы 
көрініп тұрады. Шайқағышты немесе илейтін ілмектерді құралға одан 
әрі тереңдетіп кіргізуге болмайды.
4
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
5
Қосылатын заттарды ыдысқа салыңыз.
 
- Жақсы нәтиже алу үшін, ыдысқа алдымен сұйық заттарды, содан 
кейін құрғақтарын қосыңыз.
 
- Қажетті мөлшер мен араластыру уақытын төменде 
берілген кестеден қараңыз.
6
Ыдысты қондырғыға орнатыңыз (Cурет 5).
7
Ұстағышты шешетін түймені басып, миксерді шайқағыштар
немесе илейтін ілмектер ыдыстағы қоспаға кіріп тұратын етіп
көлденең орналастырыңыз (Cурет 6).
8
Миксерді қосыңыз.
ҚазаҚша
51