Polaris PWK 1539 CA Crystal User Manual

Page of 20
 
19 
 
Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
 
Немесе сірке суының әлсіз ерітіндісі: 
 
  Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сірке суының 1/3 бөлігін араластырады.  
  Осы  қоспаны    қыздыратын  элемент  жабылатындай  етіп,  шәйнекке  құйыңыз,  бірнеше 
рет қайнатыңыз.  
  Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
 
 
Сондай-ақ  сіз  пластмасса  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды 
пайдалана аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз. 
 
Метал  шәйнектерді,    кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан  тазартуға 
арналған  құралдар    Сіздің  POLARIS  шәйнегіңізге  жарамайды  және  оларды  қолданған 
жағдайда, шәйнекті бүлдіруі мүмкін.  
 
Қақтан  тазартуға  арналған  ұнтақты    пайдаланғанда    қашанда  су  қосыңыз.  Бұл  құралды  суы 
жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
 
Шәйнектің ішін тазарту үшін ешқашан абразивті  жуғыш құралдарды қолданбаңыз. 
 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар  аударыңыз!  Сүзгіні  алғанда  немесе  орнатқанда  шәйнек    сөніп  тұруы  және  желіден 
ажыратылуы тиіс. Шәйнектің ішіндегі судың бәрін төгіңіз және толығымен суығанша күтіңіз.  
 
 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз.. 
 
Сүзгі шәйнек шүмегінің  алдыңғы жағында орналасқан. 
 
Сүзгіні тазарту үшін оны шәйнектен алып шығыңыз (алынатын сүзгісі бар үлгілер үшін).  
 
Сүзгіні ағып тұрған судың  астына қойып,  жұмсақ қылшақтың көмегімен абайлап тазартыңыз 
(жинаққа кірмейді).  
 
Сүзгіні  шәйнекке  орнатқанда  қолыңыз  жақсылап  жуылған  болуы  тиіс.  Қолдың  терісінде 
сабын, крем және т. б. болмауы тиіс, себебі бұл  суға жағымсыз дәм беруі мүмкін.  
 
Тазартылған сүзгіні шүмектің ішінде орнатылған науашықтарға абайлап орнатыңыз.   
 
Назар аударыңыз!
 Сындырып алмас үшін сүзгінің торларын баспаңыз. 
 
Ескертпе:  Пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін    электр  құралын  әдеттегі  тұрмыстық  
қалдықтармен бірге   лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны 
сақтауға  көмектесесіз. 
 
 
 
Техникалық сипаттамасы 
 
Кернеу 220 – 240 В 
Жиілік: ~ 50  Гц 
Қуаты: 2000-2400 Вт 
Сыйымдылығы: 1,5 л 
Қорғаныс жіктелімі - I 
 
 
Ескертпе
:  Өзгерістер  мен  жетілдіруді  енгізудің  ұдайы  үрдісінің  орын  алуынан,  нұсқаулық  пен 
бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған 
назар аударатынына үлкен үміт  артады.