Polaris PWK 1721 CAL User Manual

Page of 22
 
19 
                                          
 
Жинақталуы 
 
1.  Құрал 
2.  Түпұқояр 
3.  Сүзгі 
4.  Пайдаланушының нұсқаулығы 
5.  Сервис орталықтарының тізімі 
6.  Кепілдік  талоны 
 
 
Жұмысқа дайындау және пайдалану 
 
 
    Шәйнектен орайтын барлық материалдарды ішінен және сыртынан алып тастаңыз. Құралдың  
сыртқы бетінен барлық  жапсырмаларды алып тастаңыз. 
 
Түпқоярды тегіс, берік қатты қабатқа орнатыңыз. 
 
Суды қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайыңыз.  
 
Шәйнекке қажетті мөлшерде су  құйыңыз. 
 
Шәйнекті  түпқоярға орнатыңыз.  Ашаны  розеткаға қосыңыз.   
 
Ауыстырып-қосқыштың  көмегімен  шәйнекті  қосыңыз.  «ВКЛ./ВЫКЛ.»  (On/Off)  батырманың 
көмегімен шәйнекті қосыңыз. Судың денгейін өлшейтін шкаланың төменгі жағында орналасқан 
жұмыс индикаторы жанады. Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде өшеді. 
 
Алғаш  рет  пайдаланар  алдында  шәйнектің  ішін  тазарту  үшін  екі  рет  су  қайнатып  алып,       
қайнаған суды төгіңіз. 
 
Шәйнектің  сөнгеніне  көз  жеткізіңіз  немесе  оны  түпқорядан  алмас  бұрын,  су  құю  үшін 
қолыңызбен сөндіріңіз.   
 
Бір қайнаған суды екінші рет қайнатпаңыз. 
 
Шәйнек  сөнгеннен  (суығаннан)    кейін  15-20  секунд  өткесін  шәйнекті  қайтадан  пайдалануға  
болады. 
 
Тазарту және күту 
Құралды тазарту: 
 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
 
Қоректендіру негізін, сымды, ашаны немесе  қоректендіру түпқоярын,суға салмаңыз 
және ағып тұрған судың астында ұстамаңыз. 
 
Электр  қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен  сүртіңіз. 
 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Бұндай конструкция  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.  
 
Көп  мәрте  қолданылатын  алынбалы  сүзгі    оқтын-оқтын  тазартып  тұруды  қажет  етеді.  
Тазартудың  жиілігі  судың  қаттылығына  және  құралды  пайдалану  жиілігіне    байланысты.  
Тазарту сүзгіде қақ тұрып қалғанда және шәйнекте судың ағуы қиындағанда өткізіледі.  
 
Су  тым  қатты  болса,  қақ  пен  тұнбалар  қайнауға  арналған  сыйымдылықта  да  түзілуі  мүмкін.  
Бұл жағдайда  қақтан тазарту қажет.   
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқау: 
 
 
Қақтың  түзілуі  судың  қаттылығына  байланысты.  Қайнауға  арналған  сыйымдылықта  қақ  пен 
тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезіне тазарту  қажет.