Polaris PWK 1712 CAD User Manual

Page of 21
 
15 
 
ЭЛЕКТР ШӘЙНЕК 
 
 
POLARIS 
Моделі PWK 1712CAD 
 
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 
 
POLARIS  сауда  белгісімен  шығатын  өнімді  таңдағаныңыз  үшін  алғыс  білдіреміз.  Біздің 
бұйымдар  сапа,  функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес  жасалған. 
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.  
Құралды  пайдаланбас  бұрын  осы  нұсқаулықпен  мұқият  танысыңыз,  онда  Сіздің 
қауіпсіздігіңізге қатысты  маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге 
қатысты кеңестер  берілген. 
Нұсқаулықты  кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон  қорапта 
және орама  материалымен бірге сақтаңыз. 
 
 
Мазмұны 
  
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы  нұсқаулар  .......................................................................... 10 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар 
 
 
Құралды тек осы нұсқаулықта көзделген мақсаттарда ғана қолданыңыз. 
 
Құралды    пайдалануды  бастамас  бұрын    пайдалану  жөніндегі  нұсқаулықты  мүқият  оқып 
шығыңыз.  
 
Әр  кезде    құралды  қоспас  бұрын    оны  қарап  шығыңыз.  Құралдың  және  желілік  сымның 
ақауы болса,  құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды. 
 
Құрал мен желілік сым жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне және ылғалға 
ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек. 
 
Жұмыс  істеп  тұрған  құралды    бақылаусыз  қалдырмаңыз!  Егер  Сіз  құралды  пайдалануды 
жалғастырмасаңыз, онда оны әрдайым сөндіріп қойыңыз.   
 
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері  үшін жауап беретін тұлғаның 
нұсқаулығы  жүргізілген  немесе  қадағалау  жүзеге  асырылған  кездерді  есепке  алмағанда, 
білімі  мен  тәжірибесі  жоқ  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық 
ауытқулары  бар  тұлғалардың  (балаларды  қоса  алғанда)  қолдануына  арналмаған.  
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.