Polaris PWK 1752 C голубой User Manual

Page of 23
• 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  ыдыс-аяқ  жуатын  шұңғылша  немесе  сумен 
толтырылған басқа ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
• 
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға  мүлдем болмайды.  Ылғал қолмен құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.   
• 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды суға 
малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман  тексеріп 
шығуы керек.  
• 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
• 
Құралды    тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосады.  Сіздің қауіпсіздігіңізді  қамтамасыз 
ету  үшін    жерге  тұйықталу    бекітілген  электр  техникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын  пайдалануға болмайды. 
• 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
• 
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету  құқығынан 
айырады. 
• 
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға соғылуынан 
сақтаңыз.  Пайдаланып  болғаннан  кейін,  тазартқанда  немесе  құрал  сынып  қалса    әрдайым  
желіден ажыратыңыз. 
• 
Құралды    желілік  сымнан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан  ұстап  
желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсельді    айыршадан 
ұстаңыз.   
• 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
• 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,   уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне  әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
• 
Сымды  тек  қана  білікті    мамандар  –  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері  ғана  ауыстыра 
алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге 
ұшыратуы  мүмкін. 
• 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
• 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
• 
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін  электр құралын әдеттегі тұрмыстық  қалдықтармен бірге   
лақтырмай,  жоятын  ресми  пунктке  өткізіңіз.  Сөйтіп,  Сіз  қоршаған  ортаны  сақтауға  
көмектесесіз. 
 
 
Осы құралдың қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы  нұсқаулар  
 
• 
Шәйнекті тек қана  суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды  басқа сұйықтықтармен  ешқашан 
толтырмаңыз. 
• 
Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
Назар аударыңыз! Сіздің шәйнегіңіз күйіп кетуден сақтандыру жүйесімен  жабдықталған. Егер 
шәйнекте су аз немесе жоқ болса, ол  автоматты түрде  сөнеді. Егер бұл жағдай орын алса, шәйнек 
суығанша кем дегенде жарты сағаттай күте тұрыңыз,  содан кейін оған су құюға болады. 
• 
Шәйнекке тек ішуге жарамды суық суды құйыңыз. 
• 
Шәйнекті  қабырғаға  таяу,  бөлменің  бұрышына,  салбырап  тұрған  тақтайлардың  немесе  ас  үйлік 
шкафтардың астына  қоймаңыз. 
• 
Шәйнекті  тек қана термоберік, құрғақ және тегіс бетке  орналастырыңыз.      
•   
Шәйнекті max  белгісінен асыра және min белгісінен төмен толтырмаңыз.  Егер шәйнекке су  тым 
көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кетеді.   
17