Polaris PWK 1752 C голубой User Manual

Page of 23
• 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен  сүртіңіз. 
Абразивті жуғыш құралдарды және  метал талшықтардан жасалған  тырмалайтын губкаларды  
қолданбаңыз.    
• 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Мұндай конструкция  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.  
• 
Алынбалы  көп  мәрте  пайдаланылатын    сүзгі  мерзімді  түрде  тазартып  тұруды  қажет  етеді.  
Тазартудың  жиілігі  судың  қаттылығына  және  құралды  пайдалану  жиілігіне  байланысты. 
Тазарту,  сүзгіде қақ тұрып қалғанда және шәйнектен судың ағуы қиындағанда жасалады.   
• 
Су тым қатты болса, қақ пен тұнбалар қайнауға арналған сыйымдылықта да түзілуі мүмкін.  Бұл 
жағдайда  қақтан тазарту қажет.   
 
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық: 
 
• 
Қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты. Суды қайнатуға арналған сыйымдылықта 
қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезіне тазарту  қажет. 
• 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын суыңыз қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз. 
• 
Егер сіздің шәйнегіңіз  су қайнағанға дейін сөніп қалатын болса, бұл, шәйнекті қақтан тазарту 
керектігін білдіреді.  
• 
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін  лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға болады: 
 
 
25г. Лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
 
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
 
15 минутқа қалдырыңыз.  
 
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
 
Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
 
Немесе  сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады: 
 
 
Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады. 
 
Осы қоспаны  қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз,  
 
бірнеше рет қайнатыңыз.  
 
Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
• 
Сондай-ақ,  Сіз  пластик  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды  пайдалана 
аласыз. Дайындаушының қаптамадағы кеңесін басшылыққа алыңыз. 
• 
Метал  шәйнектерді,    кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан  тазартуға 
арналған құралдар  Сіздің POLARIS шәйнегіңізге жарамайды және оларды қолданған жағдайда, 
шәйнекті бүлдіруі мүмкін.  
• 
Қақтан  тазартуға  арналған  ұнтақты    жуғыш  құрылғыны  пайдаланғанда    қашанда  су  қосыңыз. 
Бұл ұнтақты құралды суы жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
Шәйнектің ішкі жағын тазарту үшін абразивті жуғыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз. 
 
 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар аударыңыз! Сүзгіні алу немесе орнату кезінде шәйнек сөнген және желіден ажыратылған 
болуы тиіс. Шәйнектегі  суды  төгіңіз және шәйнек суығанша күте тұрыңыз. 
 
• 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз. 
• 
Сүзгі шәйнектің алдыңғы бөлігінде, шүмек жағында орналасқан. 
20