Philips HR-1851 User Manual

Page of 106
ақаулықтарды шешу 
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер 
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы 
орталығына хабарласыңыз. 
Ақаулық
Шешімі
Құрал жұмыс жасамайды.
Құрылғы қауіпсіздік жүйесімен жабыдықталған. Егер оның 
бөлшектері дұрыс орнатылмаған болса, ол жұмыс істемейді. 
Құралдың бөлшектері дұрыс қондырылғандығын тексеріңіз, бірақ 
тексерер алдында құрылғыны токтан суырыңыз.
Мотордан алғашқы 
бірнеше рет қолданған 
кезінде жаман иіс шығады.
Бұл нормалы нәрсе. Егер бірнеше рет қолданғаннан кейін де иіс 
кетпесе, сығып жатқан тағамдар көлемін және сығу уақытын 
тексеріңіз.
Құрылғы қатты шу 
шығарады, жаман иіс 
шығарады, қол 
тигізбейтіндей ысып 
кетеді, түтін шығарады, т.
б.
Құрылғыны өшіріп, тоқтан суырыңыз. Өзіңізге жақын орналасқан 
Philips қызмет орталығына немесе диллеріне арызданыңыз.
Сүзгі қамалып қалды
Құрылғыны өшіріңіз, қоректенетін түтікті тазалап, сығып жатқан 
жеміс жидек мөлшерін азайтыңыз.
Сүзгі қоректенетін 
түтікке тиіп жатыр 
немесе сығып жатқан 
кезде қатты селкілдейді.
Құрылғыны өшіріп, тоқтан суырыңыз. Сүзгі шырын жинағышқа 
дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Сүзгінің астынғы жағындағы 
қабырғалары жүргізуші тұтқаға дұрыс орнатылуы тиіс. Сүзгі 
зақымдалмағанын тексеріңіз. Жарықшақ болса, кесетін дискілер 
бос болса, немесе басқа ақаулықтар құрылғының қате жұмыс 
жасауына әкеліп соғады.
Егер сіз сүзгіде зақым байқасаңыз, немесе сүзгінің басқалай 
зақымдалғанын көрсеңіз, құралды әрі қарай қолданбаңыз, 
сонымен қатар жақын жердегі Philips қызмет орталығымен 
байланысыңыз.
Шырын құмыраға 
құйылмай, құрылғы тұрған 
бетке шашырап жатыр.
Алынатын түтікше шырын жинағышқа дұрыс қондырылғандығын 
тексеріңіз.
ҚазаҚша
47