Polaris PWK 1737 CA User Manual

Page of 23
18 
 
1.  Шәйнекке су толтыру 
 
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз. 
 
Ішуге жарамды суық суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы құйыңыз, 
судың деңгейі max белгісінен асыра және min белгісінен төмен болмау қажет. 
 
2.  Шәйнекті қосу 
 
«ҚОСУ/ӨШІРУ»  ауыстырып-қосқыш  тетігін  «O»  қалпына  орнатып,  шәйнекті  іске 
қосыңыз. 
 
Шәйнекті  оның электрмен қоректендіретін түпқоярына орнатыңыз. 
 
Қоректендіру  түпқоярының  электр  жалғауына  және  электр    қосылысына  судың  тамып 
кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың желілік сымның  айыршасын  розеткаға жалғастырып қосыңыз. 
 
 
 
ҚОСУ/ӨШІРУ  ауыстырып-қосқыштағы  клавиш  пернесін  «I»  қалпына  орнатып,  шәйнекті 
іске  қосыңыз.  Содан  кейін  ауыстырып-қосқыштағы  клавиш  пернесіндегі  көмескі  жарық 
шығаратын шамы жанады. 
 
Шәйнек қыза бастайды. 
Назар аударыңыз! 
Суы  жоқ  шәйнекті  байқамай  қосқан  жағдайда  оның  күйіп  кетуден  сақтандыру  жүйесі  іске 
қосылады да, ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқыш  автоматты түрде «O» күйіне қайта келеді 
(индикаторлық жарық шығаратын сөнеді). 
Шәйнекті  одан  әрі  пайдалану  үшін,  оны  суық  сумен  толтырмас  бұрын,  30  минут  бойы,  ол 
суығанша  күте тұрыңыз, содан кейін оны суық сумен толтырыңыз. 
 
3. Шәйнекті өшіру 
 
Су  қайнаған  кезде    шәйнек  автоматты  түрде  сөнеді.  Содан  кейін  индикаторлық  жарық 
шығаратын шамы сөнеді. 
 
Қажет  болған  жағдайда  Сіз  ол  үшін  ҚОСУ/ӨШІРУ  ауыстырып-қосқыштағы  клавиш 
пернесін «O» қалпына орнатып, шәйнекті қолмен өшіре аласыз. 
 
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз. 
Назар аударыңыз! 
Шәйнекті  түпқоярдан  алмас  бұрын  оның  сөнгеніне  көз  жеткізіңіз,  ол  сөнбегенше  оны 
тұпқоярдан алмаңыз. 
Шәйнектің  қақпағы  толығымен  жабылмаған  немесе  ашық  қүйінде  болса    шәйнектің 
автоматты сөнуі іске қосылмайды. 
 
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз.  Ішінде ыстық судың барын есіңізде сақтаңыз.  
 
Шәйнекті  тек қана тұтқасынан ұстаңыз. 
 
Шәйнекті  сөндіргеннен  кейін  15-20  секунд  өткен  соң  шәйнекті  қайтадан  пайдалануға  
болады. 
 
 
5. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
 
 
1. Шәйнекті сөндіріп, желіден ажыратыңыз да, оның суығанын күтіңіз. 
2. Құралдың сыртын дымқыл  шүберекпен сүртіңіз.  
Құралдың    сымын  және  оның  ашасын  немесе    электрмен  қоректендіру  түпқоярын 
суға салмаңыз және ағып тұрған судың астында мүлдем ұстамаңыз.
 
3. Қақтан тазарту жөніндегі нұсқаулық. 
 
Шәйнекті  желіге  жалғастырмас  бұрын,  алдымен    сіздің    электр  желідегі 
қолданылатын  кернеудің  электрлік  параметрлері  бұйымдағы  (тұпқоярдың  түбі 
жағында  орналасқан)  арнайы  техникалық  заттаңбасында    көрсетілген      электр 
параметрлеріне  сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.