Polaris PWK 1737 CA User Manual

Page of 23
21 
 
 
Егер шәйнектің сыртқы корпусы және оның электрмен қоректендіретін түпқояры, желілік 
сымы немесе ашасы ақаулы болса, сондай-ақ, жұмыс барысында қандай  да 
ақаулық 
анықталған жағдайда құралды қолданбаңыз. 
 
Шәйнекті  күннің  жарық  сәулелерінің  тікелей  түсу  аумағында,  сонымен  қатар,  жылу 
көздерінің қасында қоймаңыз (өйткені құралдың сыртқы бөлігі бүлінуі мүмкін). 
 
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына, электр сымға, ашаға немесе ҚОСУ/ӨШІРУ 
ауыстырып-қосқыштағы клавиш пернесіне  судың  тиіп кетпеуін қадағалаңыз. 
 
Бұл шәйнекті өзге электрмен қоректендіру тұпқоярымен қолданбаңыз, сондай-ақ шәйнектің 
электрмен қоректендіру тұпқоярын басқа шәйнекпен пайдалануға тыйым салынады. 
 
Құралды тасымалдау үшін оның өз заут қорабын қолданыңыз. 
 
Шәйнекті  түпқоярға  орналастыру/алу  барысында    ҚОСУ/ӨШІРУ  ауыстырып-қосқыштағы 
клавиш пернесі  «O» белгісінде, яғни өшіру күйінде тұруы тиіс. 
 
Суды қайнатқаннан кейін шәйнектің негізгі  бөлігінде судың аз ғана мөлшері  (1г-ға дейін) 
байқалуы мүмкін, ол құралдың жұмыс істеуі барысында будың суға айналу салдары болып 
табылады және бұл қалыпты нәрсе болып саналады. 
 
 
8. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ 
БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР 
 
 
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. 
 
Бұл  құралды  пайдалануды  бастамас  бұрын  осы  пайдалану  жөніндегі  нұсқаулығын  мұқият 
түрде, толығымен оқып шығыңыз. 
 
Әр  кезде    құралды  қоспас  бұрын    оны  қарап  шығыңыз.  Құралдың  және  желілік  сымның 
ақаулығы анықталған жағдайда,  құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды. 
 
Құрал  мен  желілік  сым  жоғары  температураның  әсеріне,  тікелей  күн  көзіне  және  ылғалға 
ұшырамайтындай етіп сақталуы керек. 
 
Жұмыс  істеп  тұрған  құралды    бақылаусыз  қалдырмаңыз!  Егер  Сіз  құралды 
пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріп, желіден ажыратыңыз. 
 
Егер  құралмен  ұзақ  уақыт  бойы  пайдаланбайтын  болсаңыз,  құралды  зауыт  қорабында, 
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. 
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  ыдыс-аяқ  жуатын  шұңғылша  немесе  сумен 
толтырылған басқа ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды.
 
 
Құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтықтарға  салуға    мүлдем  болмайды.    Ылғал  қолмен 
құралды ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз. 
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек. 
 
Құралды тек  қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз. 
 
Құралды    тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосыңыз.  Сіздің  қауіпсіздігіңізді 
қамтамасыз ету үшін  жерге тұйықталу  бекітілген электр техникалық  нормаларға сәйкес 
келуі тиіс. Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын  пайдалануға 
болмайды. 
 
Құралды  желіге  қоспас  бұрын,  оның    ауыстырып  қосатын  тетігі  өшірілу  күйінде   
тұрғанына көз жеткізіңіз. 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
оны әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсельді  
айыршадан ұстаңыз.