Polaris PHS 0119 RK User Manual

Page of 19
 
 
Шашы сәндеуге арналған электр қысқышы 
POLARIS 
Моделі PHS 0119RK 
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 
 
POLARIS  сауда  маркасымен  шығатын  өнімді  таңдағаныңыз  үшін  алғыс  білдіреміз.  Біздің 
бұйымдар  сапа,  функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес  жасалған.  Біздің 
фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.  
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге 
қатысты    маңызды  ақпарат  бар,  сондай-ақ,  құралды  дұрыс  пайдалану  мен  күтуге  қатысты  кеңестер  
берілген. 
Нұсқаулықты  кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон  қорапта және 
орама  материалымен бірге сақтаңыз. 
 
 
Мазмұны 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар.........................................................................................8 
Осы құралдың қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы  нұсқаулар ........................................................... 9 
Пайдалану саласы ............................................................................................................................. 9 
Құралдың сипаттамасы .................................................................................................................. 10 
Жинақталуы .................................................................................................................................... 10 
Жұмысқа дайындау және пайдалану ............................................................................................ 10 
 
Тазарту және күту ........................................................................................................................... 11 
Техникалық сипаттамасы .............................................................................................................. 11 
Сертификаттау туралы ақпарат ..................................................................................................... 12 
Кепілдік міндеттеме ....................................................................................................................... 13 
 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар 
 
 
Құралды тек қана тұрмыста пайдаланыңыз.  
 
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз.  
 
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.   
 
Әр  кезде    құралды  қоспас  бұрын    оны  қарап  шығыңыз.  Құралдың  және  желілік  сымның  ақауы 
болса,  құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.   
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  шұңғылша  немесе  сумен  толтырылған  басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
 
Құралды ешқашан суға және басқа да сұйықтықтарға батырып салмаңыз. 
Құралды ванна және ылғалдылығы 75% -дан асатын бөлмежайларда қолдануға мүлдем болмайды. 
 
Құрал  мен  желілік  сым  жоғары  температураның  әсеріне,  тікелей  күн  көзіне  және  ылғалға 
ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.   
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету    құқығынан 
айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  өшірулі  тұрғанына көз жеткізіңіз.