Polaris PWK 1893 CA New York глянец User Manual

Page of 22
• 
Алынбалы көп мәрте пайдаланылатын сүзгі мерзімді түрде тазартып тұруды қажет етеді. 
Тазартудың  жиілігі  судың  қаттылығына  және  құралды  пайдалану  жиілігіне  байланысты. 
Тазарту, сүзгіде қақ тұрып қалғанда және шәйнектен судың ағуы қиындағанда жасалады. 
• 
Судың қаттылығы артса шәйнекте қақ және тұнба түзілуі мүмкін. Бұл жағдайда шәйнекті 
қақтан тазарту керек. 
• 
Қақтың қабаты қыздыру элементінің қызып кетуіне немесе істен шығуына алып келуі 
мүмкін. 
 
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық: 
 
• 
Қақтың  түзілуі  судың  қаттылығына  байланысты.  Шәйнектің  суды  қайнататын 
сыйымдылықта қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп, дер кезіне тазарту 
қажет. 
• 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,  мүмкіндігінше  айына  1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын суыңыз қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз. 
• 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз  су  қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан 
тазарту керектігін білдіреді.  
• 
Сіздің  шәйнегіңізді  қақтан  тазарту  үшін  лимон  қышқылының  ерітіндісін  пайдалануға 
болады: 
 
 
25г. лимон қышқылын 0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
 
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
 
15 минутқа қалдырыңыз.  
 
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
 
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз. 
 
 
Немесе сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады: 
 
 
Бұл үшін судың 2/3 бөлігін және сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады. 
 
Осы қоспаны қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз,  
 
бірнеше рет қайнатыңыз.  
 
Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
• 
Сондай-ақ,  Сіз  металл  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды 
пайдалана аласыз. Дайындаушының қаптамадағы кеңесін басшылыққа алыңыз. 
• 
Кофе қайнатқыштарды және бумен істейтін үтіктерді қақтан тазартуға арналған құралдар 
Сіздің  POLARIS  шәйнегіңізге  жарамайды  және  оларды  қолданған  жағдайда,  шәйнекті 
бүлдіруі мүмкін.  
• 
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты пайдаланғанда қашанда су қосыңыз. Бұл құралды суы 
жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
• 
Шәйнектің  ішкі  жағын  тазарту  үшін  абразивті  жуғыш  құралдарын  ешқашан 
пайдаланбаңыз. 
 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар аударыңыз! Сүзгіні алып тастау немесе орнату кезінде шәйнек сөнген және желіден 
ажыратылған болуы тиіс. Шәйнектегі суды төгіңіз және шәйнек суығанша күте тұрыңыз. 
 
• 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз. 
• 
Сүзгі шәйнектің алдыңғы бөлігінде, қапақтың астында орналасқан. 
 
20