Polaris PWK 1038 C белый User Manual

Page of 22
Жинақталуы 
 
1.Құрал 
2.Түпқояр 
3. Алынбалы сүзгі 
4. 
Пайдаланушының нұсқаулығы 
5. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 
6. Кепілдік  талоны 
 
Жұмысқа дайындау және пайдалану 
 
• 
Шәйнекті  алғаш  пайдаланар  алдында  орайтын  барлық  материалдарды  ішінен  және 
сыртынан  алып  тастаңыз.  Егер  бар  болса,  құралдың  сыртқы  бетінен  барлық 
жапсырмаларын алып тастаңыз. 
• 
Түпқоярды тегіс бетке орнатыңыз. 
• 
Қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайыңыз. 
• 
Шәйнекке қажетті мөлшерде ішуге жарамды суық су  құйыңыз. 
• 
Шәйнекті  түпқоярға орнатыңыз (6). Ашаны  розеткаға жалғастырып, қосыңыз.  
• 
Шәйнекті  «ҚОСУ/ӨШІРУ  (І/О)»  ауыстырып-қосқышы  арқылы  қосыңыз  (5).  Индикатор 
шамы    жанады.  Су  қайнаған  кезде  шәйнек  автоматты  түрде  өшеді.  Шәйнекітің 
ауыстырып-қосқышы «О»  күйіне келеді, индикатор шамы  сөнеді. 
• 
Шәйнекті  түпқоярынан  алып,  тостағанға  су  құяр  алдында  шәйнектің  өшірілгеніне  көз 
жеткізіңіз немесе оны қолмен өшіріңіз. 
• 
Ұзартқышты пайдаланған жағдайда оның жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
• 
Назар  аударыңыз!  Шәйнектегі  бөгде  иісті  кетіру  үшін  алғаш  рет  пайдаланар 
алдында шәйнектің ішін тазарту үшін екі рет су қайнатып алып,     қайнаған суды 
төгіңіз. 
• 
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз. 
• 
Шәйнектен суды абайлап құйыңыз. Шәйнектің ішінде қайнаған, өте ыстық  су бар екенін 
есте сақтаңыз. 
• 
Бір  рет  қайнаған  суды  екінші  рет  қайнатудың  қажеттігі  жоқ.  1л  судың  температурасы 
қайнағаннан кейін 5 минут өткен соң 90°С деңгейінде болады – бұл кофе дайындау үшін 
жеткілікті. 
• 
Шәйнек  сөнгеннен  (суығаннан)    кейін  15-20  секунд  өткен  соң  шәйнекті  қайтадан 
пайдалануға  болады. 
 
Тазарту және күту 
 
Құралды тазарту: 
• 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
• 
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе  қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып 
тұрған судың астында ұстамаңыз
• 
Электр  қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
• 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен сүртіңіз. 
Абразивті жуғыш құралдарын және металл қылшықтан жасалған тырнайтын губкаларды 
қолданбаңыз. 
• 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Бұндай үйлесім  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.  
 
 
19