Electrolux EWW 51476 WD User Manual

Page of 76
13.5 Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
13.6 Кептіруге қатысты ақыл-
кеңес
Кептіру циклын дайындаңыз
• Су құятын шүмекті ашыңыз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша
ақпаратты Орнату тарауынан
қараңыз.
• Кептіру бағдарламаларымен
кептіруге болатын кірдің ең үлкен
салмағын, кептіру бағдарламалары
кестесінен қараңыз.
13.7 Кептіруге келмейтін
заттар
Бұл кір үшін кептіру бағдарламасын
орнатпаңыз:
• Өте нәзік заттар үшін.
• Синтетика перделер.
• Темір заттар тағылған киімдер.
• Нейлон шұлықтар.
• Көрпелер.
• Төсек жапқыштар.
• Сырма көрпе.
• Анорак.
• Қап төсектер.
• Шаш спрейі, тырнақ бояуын
тазалағыш немесе сол сияқты
заттың қалдығы бар маталар.
• Көбікті резеңке немесе сол сияқты
бөліктері бар киімдер.
13.8 Киімнің затбелгілері
Кірді кептіргенде өндірушінің
затбелгіде көрсеткен нұсқауларын
орындаңыз:
 = Кептіргіш машинада кептіруге
болады
 = Жоғары температурада кептіру
циклы
 = Азайтылған температурада
кептіру циклы
 = Кептіргіш машинада кептіруге
болмайды.
13.9 Кептіру циклының
уақыты
Кептіру уақыты мына жағдайларға
байланысты өзгереді:
• соңғы айналдыру циклының
жылдамдығы
• құрғақтық деңгейі
• кірдің түрі
• кір салынымының мөлшері
13.10 Қосымша кептіру
Кептіру бағдарламасы аяқталғаннан
кейін кір әлі де дымқыл болса, қысқа
кептіру циклын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Мыжылып және
қыжымдалып қалмас
үшін кірді қатты
кептірмеңіз.
13.11 Жалпы ақыл-кеңестер
Орташа кептіру уақыттарын "Кептіру
бағдарламалары" кестесінен қараңыз.
Тәжірибеңіз кірді жақсырақ кептіруге
көмектеседі. Бұрынғы кептіру
циклдарының уақыттарын жазып
қойыңыз.
Кептіру циклының соңында статикалық
тоқ пайда болмас үшін:
1. Жуу циклы кезінде мата
жақсартқышты пайдаланыңыз.
2. Кір кептіргіш машиналарға
арналған арнайы мата
жақсартқыштарды пайдаланыңыз.
Кептіру бағдарламасы аяқталған бетте
кірді алыңыз.
ҚАЗАҚ
27