Electrolux ESF 9520 LOW User Manual

Page of 64
8.3 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғы есігін жабыңыз.
3. Тетікті бағдарлама таңбасы
орнатқыңыз келген бағдарламаға
келгенше бұраңыз.
• Қосу/сөндіру индикаторы
жанады.
• Бастау индикаторы
жыпылықтай бастайды.
4. Start түймешігін басыңыз.
• Бағдарлама басталады да, жуу
циклының индикаторы жанады.
• Қосу/сөндіру индикаторы мен
бастау индикаторы қосулы
тұрады.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бағдарламаны 3
сағатқа кешіктіріп бастау үшін
басыңыз.
Кешіктіріп бастау индикаторы жанады.
3. Start түймешігін басыңыз.
Бастау индикаторы жанады.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл
қуатты пайдалануға және
бағдарламаның ұзақтығына әсер етуі
мүмкін. Есікті жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен бастап
жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
1. Start және Delay түймешіктерін
бастау индикаторы жыпылықтай
бастағанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Start және Delay түймешіктерін бастау
индикаторы жыпылықтай бастағанша
қатар басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде 
индикаторы жанады. Құрылғыны 5
минут ішінде сөндірмесеңіз, барлық
индикаторлар сөнеді. Бұл электр
қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін тетікті
бағдарлама таңбасы қосу/сөндіру
индикаторына дәл келгенше
бұраңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
ҚАЗАҚ
13