Saeco HD 8928/09 PicoBaristo User Manual

Page of 84
Ескерту: Сүт көбігін тамызу шүмегін сүт графині үстіне кері салу алдында
істікті дұрыс орынға жылжытыңыз. Егер осы істік дұрыс күйде болмаса,
сүт көбігін тамызу шүмегін сүт графині үстіне кері салу мүмкін емес.
Сүт графинін ай сайын тазалау
Осы тазалау цикліне тек CA6705 SAECO сүт тізбегін тазалау құралын
пайдаланыңыз. 
MI
N
MA
X
2
MAX
1
Сүт графиніне (1) сүт тізбегін тазалау құралы пакетін төгіңіз. Одан кейін
сүт графинін MAX (Макс) деңгей көрсеткішіне (2) деңгейіне дейін
сумен толтырыңыз.
Сүт графинін құрылғыға салып, сүт көбігін тамызу шүмегі астына ыдысты
қойыңыз.
MENU/SPECIAL DRINKS (Мәзір/арнайы сусындар) түймесін басып,
"Drinks" (Сусындар) пәрменін таңдап, сүт көбігіне айналдырыңыз.
Тазалау ерітіндісін тамызуды бастау үшін OK түймесін басыңыз.
Сүт графині босағанша 3-қадамды қайталаңыз.
Графин босатылған кезде ыдысты және сүт графинін құрылғыдан алып
тастаңыз.
Сүт графинін дұрыстап шайып, MAX (Макс) деңгейі көрсеткішіне дейін
таза сумен толтырыңыз.
Сүт графинін құрылғыға салыңыз.
Сүт көбігін тамызу шүмегі астына ыдысты қойыңыз.
MENU/SPECIAL DRINKS (Мәзір/арнайы сусындар) түймесін басып,
графинді шаю циклін бастау үшін арнайы сусындар мәзірінде "сүт көбігі"
пәрменін таңдаңыз.
10Сүт графині босағанша 9-қадамды қайталаңыз.
Ескерту: осы қадам барысында тамызылған ерітіндіні ішпеңіз
116-10 қадамдарын қайталаңыз. 
12
Құрылғы суды тамызуды тоқтатқан кезде цикл аяқталады.
13Барлық құрамдастарды демонтаждап, жылы ағын су астында шайыңыз.
Құрылғы пайдалануға дайын.
Қақ түсіру процедурасы
Дисплейде "Start descaling?'" (Қақ түсіруді бастау керек пе?) сұралған кезде
құрылғы қағын түсіру керек. Егер дисплейде осы сұрақ пайда болған кезде
құрылғы қағы түсірілмесе, құрылғы жұмысы тоқтауы мүмкін. Мұндай
жағдайда жөндеу жұмысы кепілдікпен қамтылмайды.
Құрылғы қағын түсіру үшін тек Saeco қағын түсіру ерітіндісін пайдаланыңыз.
Saeco қағын түсіру ерітіндісі құрылғының оңтайлы өнімділігін қамтамасыз
етуге арналған. Басқа өнімдерді пайдалану құрылғыны зақымдауы және
суда қалдықтар қалдыруы мүмкін. Saeco қақ түсіру ерітіндісін
www.shop.philips.com/service торабында онлайн дүкенде сатып алуға
болады.
Қақтан тазалау процедурасы 23 минутқа созылады және қақтан тазалау
циклі (20 минут) мен шаю циклінен (3 минут) тұрады. Қақ түсіру немесе
шаю циклін ESC түймесін басумен уақытша тоқтатуға болады. Қақ түсіру
немесе шаю циклін жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз. 
Ескерту: Қақ түсіру процедурасы кезінде қайнату құралын алмаңыз.
Абайлаңыз! Қақ түсіру процедурасы кезінде қақ түсіру ерітіндісін немесе
тамған суды ішпеңіз.
68
Қазақша