Electrolux EKK 954506 X User Manual

Page of 72
7.2 Пештің үстін тазалау
• Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пешті
дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны
бар сумен жуып, орнына қайта қояр
алдында жақсылап құрғатыңыз.
7.3 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
7.4 Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс
жуғыш машинада жууға
төзімді емес. Оларды
қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз. 
Пештің үстін бүлдіріп
алмас үшін таба
тағандарын орнына
қойған кезде абай
болыңыз.
2. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына
дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
3. Оттықтың дұрыс жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін ыдыс
тағандарының тіректерін, оттықтың
ортасына келтіріп салыңыз.
7.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.electrolux.com
12