Electrolux EKK 954506 X User Manual

Page of 72
14.9 Газға қосу
Құрылғыны орнату алдында
құрылғының артқы жағындағы газ
түтігіндегі жапсырманы алыңыз. Түтікті
желім қалдықтарынан тазалаңыз.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе
тот баспайтын болатпен қапталған
иілгіш түтіктерді пайдаланыңыз. Егер
иілгіш металл түтіктерді
пайдалансаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын және
жаншылып қалмауын қамтамасыз
етіңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Газ қосылымының түтігі
құрылғының суретте
көрсетілген жеріне тиіп
тұрмауға тиісті.
14.10 Металл емес иілгіш
түтіктер қосылымы
Егер қосылым қол оңай жететін жерде
тұрса, онда иілгіш түтікті қолданыңыз.
Иілгіш түтікті қапсырмалардың
көмегімен мықтап бекіту керек.
Орнату кезінде әрқашан түтік
ұстатқышты және тығыздағышты
қолданыңыз. Иілгіш түтікті мына
жағдайда қолдануға болады:
• бөлме температурасынан ыстық
болмайтын, 30 °C-тан аспайтын
жағдайда;
• ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
• еш бөлігі жіңішкертілмесе;
• майыстырылмаса немесе
қатайтылмаса;
• ол өткір жиектерге немесе
бұрыштарға жанаспаса;
• тұрған жерін оңай тексеруге
болады.
Иілгіш түтікті тексергенде, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
• екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
• материал қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын;
• бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
• жарамдылық мерзімі өтіп
кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнатып болғаннан кейін
әр түтік фиттингінің
тығыздағышынан ешнәрсе
ақпайтынын тексеріңіз.
Түтіктің тығыздалғанын
тексеру үшін отты емес,
сабынды ерітіндіні
қолданыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы
басқару панелінің артында
орналасқан.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Газды қосар алдында,
құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз немесе
сақтандырғыш қораптағы
сақтандырғышты
сөндіріңіз.Газбен
жабдықтау желісінің негізгі
клапанын жабыңыз.
Құрылғы әдепкі газ түріне
лайықтап бапталған.
Параметрді өзгерту үшін
тізімнен түтік ұстатқышты
таңдап алыңыз. Әрқашан
тығыздағышты
қолданыңыз.
ҚАЗАҚ
29